«Ұлы дала үні –домбыра»

02.07.2021 Выкл. Автор admin
«Ұлы дала үні –домбыра»

Қожамберді ауылдық кітапханасының  ұйымдастыруымен  «Ұлы дала үні –домбыра» атты библиопост жариялады. Мақсаты: Жастардың ойын шыңдап, ата-бабадан қалған  кәсіп болған дәстүрлі домбыраға  қызығушылық сезімін ояту.

Домбыра – қазақтың киесі, қасиетті қазынасы. Қазақ пен домбыра егіз ұғым. Домбыра күнінің белгіленуі жәйдан-жай емес. Бұл рухани жаңғыру бағытындағы ең сүбелі тірліктің бірі болмақ. Домбыра-көнеден қалған асыл мұра, көзіміздің қарашығы. Домбыра күнінің ұлттық мерекеге айналуы – көнеден жеткен рухани байлығымызға берілген лайықты баға. Сондықтан, ұлттық мәдениетімізді әлемге асқақтататын қасиетті аспаптың ұлықталуы заңдылық.