«Жұлдызды қала – Нұр — Сұлтан»

02.07.2021 Выкл. Автор admin
«Жұлдызды қала – Нұр — Сұлтан»

Түгіскен ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 2 шілде күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Парасат жолы» орталығында 6 шілде Елордамыз Нұр – Сұлтан қаласы мерекесі күніне орай «Жұлдызды қала – Нұр — Сұлтан» тақырыбында онлайн бейнеролик жасалды.

Мақсаты: Көпшілікті Нұр – Сұлтан қаласының тарихымен таныстыра отырып, бас қаланың көрікті жерлерін насихаттау, жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Қазақстанның елордасы, бүгінгі астанамыз Нұр – Сұлтан қаласы қарыштап дамыған мемлекеттің, мәңгілік достықтың символы. Қаланың әлем халықтарына мақтана көрсететін жетістіктері аз емес. Астанамыз Нұр – Сұлтан – болашағы жарқын қала. Сондықтан да Қазақстанның жүрегі мәңгі соғып, бас қаламыз одан әрі гүлденіп, жайнап, одан әрі дами береді. Бас қаламыздың бүгінгі көркі жанымызды шымырлатып, сұлулықтың жылы лебімен тербейді. Бүгінгі өмірдің талабына үндесе көтерілген ғимараттар көрген жанды баурап алады. Қысқа мерзімде сәлеті мен дәулеті келіскен шаһарымыз әлемдегі ең үздік қалалардың біріне айналды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық көрегендігі мен батыл да ұтымды идеясының арқасында дүниеге келген Елордамызға қарап, бүгінде еліміздің барлық өңірлері бой түзеп келеді. Елорданың өркендеуі – Елбасының және барша Қазақстан халқының еңбегі. Бейнероликте елорданың тарихы, көз тоймас көрікті ғимараттар жайлы баяндалды.