«Ата заң-Қазақстан тұрақтылығы»
27.08.202127 тамыз күні Жаңақорған аудандық орталық кітапханасының Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен 30 тамыз-ҚР Конституциясы күніне орай «Ата заң-Қазақстан тұрақтылығы» атты онлайн кітап көрмесі жасақталды.
Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы Ата Заңның маңыздылығы мен тарихын білуге, Ата Заңды құрметтеуге тәрбиелеу.
Нұрсұлтан Назарбаев «Конституция- бұл да рәміздеріміздің бірі, сондықтан негізгі заңды елдің туы, әнұраны және елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз» дей келе бізде оқырмандарды Ата-заңымызды құрметтеп, қастерлеуге шақырып, «Ата заң-Қазақстан тұрақтылығы» атты кітап көрмеге Тәуке хан тұсында қабылданған «Жеті жарғы» — мемлекет және құқық ескерткіші, «Қазақтың Ата-заңдары», «ҚР Конституциясы мен заңдары» «Мемлекет және құқық тарихы», Ө.Қопабаевтың «Ата заң — мемлекет дамуының іргетасы», Қ.Еламановтың «Шаңырақ пен пырақ», Г.Сапаргалиевтың «Конституционные законы Республики казахстан» және тағы басқа әдебиеттер ұсынылды. Бейнероликте бұрынғы Ата-заңның қабылдануымен, қазіргі Ата-заңның қабылданғаны сөз етілді.