«Бәрін білгім келеді» атты әдеби викторина

06.10.2021 Выкл. Автор admin
«Бәрін білгім келеді» атты әдеби викторина

6 қазан күні  Жаңақорған аудандық балалар кітапханасында аудандық оқушылар үйі оқушыларының қатысуымен «Дәстүрлі отбасылық оқу» жобасы аясында,  «Балалар әлемі» айдары бойынша «Бәрін білгім келеді» атты әдеби викторина өткізілді. Мақсаты: әдеби викториналық сұрақтарға жауап алу арқылы білімді, алғыр және үздік оқырмандарды анықтау. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, шығармашылықпен өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Шара жүргізушісі кітапханашы Ж.Тулешова әділқазылар алқасымен таныстырып,  оқушыларды «Сұңқар» және «Тұлпар» атты екі топқа бөлді. Оқушылар І кезеңде  «Қызықты сұрақтар», ІІ кезең «Тұлғалар», ІІІ кезең «Салт-дәстүрлер», ІҮ кезең «Ақын-жазушылар шығармалары», Ү кезең «Жұмбақтар»  бойынша дайындалған сауалдарға және логикалық сұрақтарға  жауап берді. Ойын өте  қызықты, тартысты өтіп, нәтижесінде  екі топ та бірдей жеңіске жетті. Шара соңында кітапхана меңгерушісі М.Жиенбаева  әдеби викторинаға белсене қатысқан оқушыларға алғысын білдірді.