«Халық дәстүрі – асыл қазына» атты таным сағаты

11.10.2021 Выкл. Автор admin
«Халық  дәстүрі – асыл қазына» атты таным сағаты

2021 жылдың 11  қазаны күні  Бесарық  ауылдық  кітапханасында «Парасат жолы» жобасы аясында  «Халық  дәстүрі – асыл қазына» атты таным сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы түсініктерін жетілдіре отырып,рухани — адамгершілік, тағылымды салт-дәстүр, әдет-ғұрып, әдептілік, имандылық сияқты асыл қасиеттерді қастерлеу заңдылығын үйрету, тақырыпқа сай әдебиеттерді насихаттау. Таным сағатында  қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай халық екені айтылып, ұлттық тәлім, салт-сана сабағы, ырымдар  мен тыйымдардың  ұлағатты ұл мен инабатты қыз тәрбиелеуде айрықша рол атқаратыны айтылды. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып — атадан балаға қалып отыратын асыл мұра. Халқымыз тәрбиені балаға  ана құрсағында жатқанда бастайды. Ат қою, шілдехана, бесікке салу, шашу шашу, кіндік кесу , қырқынан шығару, тұсау кесу т.б. салт-дәстүрлерге кеңінен түсінік беріліп, ырымдар мен тыйымдар таныстырылып, мән-мағынасы түсіндірілді. Оқушылармен сұрақ-жауап ретінде жұмыс жасалып, олардың тақырыпқа байланысты білімділігі байқалды.