«Қарттарым — асыл қазынам» атты шара
30.09.20212021 жылдың 30 қыркүйек күні Бесарық ауылдық кітапханасында «Қарттарым — асыл қазынам» атты шара өткізіліп, әлеуметтік желіге бейнеролик ұсынылды.
Мақсаты: Оқырмандарға әр үйдің алтын қазығы, әрі қазынасы- қарттарымызды құрметтеп, қадірлеу-перзенттік парызымыз екендігін ұғындыру.
Шара барысында қарттар мерекесінің шығу тарихы таныстырылып, еліміздің қарыштап өсіп-өркендеуі мен бейбіт өмір сүруімізге өз үлестерін қосқан аяулы қарттарымыздың арқасы екендігі айтылып, олардың өнегелі өміржолдарын үлгі тұтып, ардагерлерімізді аялап, құрмет көрсетуіміз әр адамның перзенттік парызы екендігі түсіндіріліп, ата, әже, әке, ана туралы өлеңдер оқылды.. Шараға қатысушы жас оқырмандар өздерінің алғырлық қабілеттерін танытып берілген өлеңдерді жатқа айтып берді.