«Еңбек етіп еліне елеулі болған ана»

22.09.2021 Выкл. Автор admin
«Еңбек етіп еліне елеулі болған ана»

Сүттіқұдық ауылдық кітапханашысы Ибрагимован Розаның ұйымдастыруымен 2021 жылдың 22 қыркуйек күні  «Туған жерге тағзым» бағдарламасын насихаттау барысында «Еңбек етіп еліне елеулі болған ана» тақырыпта Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты Баян Әріпова анамызбен сұхбат өткізілді.

Мақсаты: Жастарымызға туған жеріне еңбек етіп,коп баланы тәрбиелеп жетілдірген анамыздың өмірімен таныстырып, жастарға үлгі  ретінде  таныстыру.Баян апамыз жастайынан еңбекке араласып , сол еңбектің арқасында Қазақ ССР Жоғарғы Советтің деутаттығына кандидат болған, сонымен катар көп баланы дүниеге акеліп , тәрбиелеп ұлын ұяға,қызын қияға қондырған  ардақты ана.Бүгінде бейнеттің зейнетін корип,немере ,шөбере сүйіп  қажы апа атанған.Баян апамыз әңгіме барысында жастарға әрқашан еңбек етсен елеусіз калмайсындар, еңбек бәрін жеңбек деген сөздерімен аяқтады.