«Отбасымен оқимыз» атты дәстүрлі отбасылық оқу

22.09.2021 Выкл. Автор admin
«Отбасымен  оқимыз»  атты дәстүрлі отбасылық оқу

Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен қыркүйек айының  22-сі күні  «Қазақстан оқырман ұрпағы 2021 акциясы»    аясында «Отбасымен  оқимыз»  атты дәстүрлі отбасылық оқу өткізілді.

Мақсаты: қоғамда болып жатқан түрлі жағдайларды саралап, бала бойында адамгершілік, имандылық тәрбиені қалыптастыру, мейірімділікке, сүйіспеншілікке, ата-анасын құрметтеуге баулу, балалардың кітапқа деген қызығушылығын  ояту, кітап оқуға ынталандыру арқылы шығармашыл, әлеуметттік бейімделген жеке тұлғаны дамытуға жол ашу, ойлауға, білуге құмарлығын дамыту.

Отбасылық оқуға Сүлейменовтар отбасы қатысты. Оқу барысында балалар мен әжелері өздері оқыған кітаптары жайлы ойларымен бөлісті.Отбасылық кітап оқу арқылы отбасындағы адамдардың бір-біріне деген мейірі, құрметі артты, бір-бірлеріне пікірлерін өз ойларын еркін жеткізе отырып білімдерін шыңдай түсті. Осындай іс-шаралар арқылы біздің кітапхананың оқымысты оқырмандарының  істерін кейінгі буынға үлгі ретінде көрсетіп, отбасылық ынтымақ пен татулықты дәріптейміз.