«Кітап оқитын отбасы – ғасыр үлгісі» атты оқитын отбасы бенефисі

21.09.2021 Выкл. Автор admin
«Кітап оқитын отбасы – ғасыр үлгісі» атты оқитын отбасы бенефисі

21 қыркүйек күні  2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына орай  Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен  балаларды жас кезінен кітап оқуға қызықтырып, отбасылық оқу дағдыларына бейімдеу, кітапхана мен отбасы арасындағы тұрақты қарым-қатынасты қалыптастыру, отбасылық оқу дәстүрінің өркендеуіне себеп болу, отбасының қатынасты және ата-аналар мен балалардың бос уақытын бірге өткізу, олардың ақпараттық ағартушылығын ұйымдастыру мақсатында  «Кітап оқитын отбасы – ғасыр үлгісі» атты  оқитын отбасы бенефисі ұйымдастырылды. Шараға кітапхананың үздік оқырманы Н.Мұхтарқызы мен анасы Ұ.Сәдуақасқызы, мектеп кітапханашысы Ә.Юсупова  мен мектеп тәлімгері А.Елтаева және  сыныптастары қатысты. Бенефис қонағының  оқыған кітаптарынан жасалған «Менің сүйікті кітаптарым» атты кітап көрмесімен кітапханашы Ж.Тулешова  таныстырып, шараны жүргізіп отырды. Бенефистің басты қонағына сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды. Оқырман анаға  да жағдаяттық сұрақтар қойылып, бенефис қонағының өнерін «Қазақ биін»  тамашалады. Кітапхана меңгерушісі М.Жиенбаева мен кітапханашы Ж.Тайымбетова шараны қорытындылап, бенефис қонағына алғысхат пен сыйын тапсырды