«Балалар. Интернет. Ақпарат» атты дебат

15.04.2022 Выкл. Автор editor
«Балалар. Интернет. Ақпарат» атты дебат

Балалар жылы деп аталуына байланысты №2 Кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен кітапханада «Балалар. Интернет. Ақпарат» атты тақырыпта №169 орта мектептің 6 сынып оқушыларының қатысуымен дебат болып өтті.

Мақсаты: Бүкіл әлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау;Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

Шара барысында даттаушы топ пен жақтаушы топты анықтау үшін кітапханашы қағазға «Д» әріпі мен «Ж» әріпін жасырып, топ басшылары жасырынған қағазды алды. «Д» әріпін алған топ даттаушы, «Ж» әріпін алған топ жақтаушы болып пікір – таласты бастап кетті. Бұл дебатта «Компьютер» тобы жақтаушы және «Мұрагер» тобы даттаушы болды. Оқушылар ізденімпаздықпен, тапқырлықтарымен алға суырылып шықты. Интернеттің жақсы жағы мен зиян жағынан оқушылар біршама мағлұмат алды.