«Ертегі кейіпкерлері шақырады» атты ертегі кейіпкерлерінің шеруі

14.04.2022 Выкл. Автор editor
«Ертегі кейіпкерлері шақырады» атты  ертегі  кейіпкерлерінің шеруі

14 сәуір күні «Әжем айтқан ертегі» жобасы аясында,  «Ертегі кейіпкерлері шақырады» атты  ертегі  кейіпкерлерінің шеруі ұйымдастырылды.

Мақсаты: Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез — құлқын сезіндіру, ойлау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру, ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа тәрбиелеу. Шараға «Заңғар» интелектуалды мектебінің 2 сынып оқушылары қатысты. Ертегіші  әже Ш.Ақылбекова  балаларға қиял-ғажайып, хайуанаттар туралы, шыншыл, тұрмыс-салт ертегі  түрлері бар екендігін  айтса, оқушылар «Шалқан» ертегісінің желісі бойынша көрініс көрсетті. Балаларға ертегілер әлемінен келген Қу түлкі мен Аңқау Аю  ертегілерден түрлі жұмбақтар мен сұрақтар қойды. Өз кезегінде балалар ертегі кейіпкерлеріне «Ата-ананы тыңдаймыз» әнін айтып берді. Және  барлығы  бірге  «Көңілді күн» әнін шырқап,  билеп берді.