«Ескерткіштер-ел тарихы» атты кітап көрмесі

14.04.2022 Выкл. Автор editor
«Ескерткіштер-ел тарихы» атты кітап көрмесі

 14 сәуір күні Жаңақорған аудандық кітапхананың Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай «Ескерткіштер-ел тарихы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Қазақ даласында не көп-бірі көне, бірі жаңа жапырлай орналасқан зираттар, обалар мен төбешіктер көп. Қазақтың тұрмыс тіршілігінің бұл тілсіз ескерткіштері тарихи тұғыдан гөрі, жағрафиялық тұрғыдан алғанда қымбаттырақ деп Шохан Уалиханов айтпақшы, біздің мәдени мұраларымызды қастерлеп құрметтеуіміз керек.

Осы тұрғыда кітапханамызда «Ескерткіштер-ел тарихы» көрмесімен оқырмандарды Ә.Жаханова таныстырып, жер жаннаты Жаңақорғандағы киелі жерлермен, ескерткіштерге тоқталып өтті.

Мақсаты: Тәуелсіздіктің рухани тірегі ретіндегі мәдениеттің мәні мен Қазақстандық мәдениеттің әлемдік деңгейін насихаттау, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында ауданымыздағы мәдени-тарихи ескерткіштердің қорғалуын баяндау арқылы, оқырмандарды отансүйгіштікке, мәдени құндылықтарды сақтауға тәрбиелеу.