«Ескерткіштер тарих куәсі» атты тарихи кеш

14.04.2022 Выкл. Автор editor
«Ескерткіштер тарих куәсі» атты тарихи кеш

2022 жылдың 14 сәуір күні Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Туған жерге тағзым» жобасы аясында халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай «Ескерткіштер тарих куәсі» атты тарихи кеш өткізілді. Шара » Жеңіс» саябағында орналасқан Кеңес Одағының батырларының ескерткішінің жанында өткізілді.

Шараның мақсаты: Ескерткіштер туралы оқушыларға мағлұмат беру, түрімен таныстыру, көненің көзі, болашаққа аманат екенін түсіндіру.

Ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштері арқылы оқушыны ұлтжандыққа тәрбиелеу. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру »бағдарламасы туралы айту. Кітапханашы оқушыларды «Рухани жаңғыру — жарқын болашақ, кемел келешек» атты кітап көрмесімен таныстырды.

Кеште 5 сынып оқушысы Ш.Әбдікерім «Менің бабам» атты өлең оқыды. 6-сынып оқушысы Ұ.Ысқақ ауылда қандай тарихи орындар орналасқан жайлы өз білетінін айтты. Оқушылар «Кеңес Одағының батырлары» ескерткіштеріне саяхат жасап, Кеңес Одағының батырлары жайлы мәлметтер алды.