«Көркем сөздің сұңқары» атты әдеби кеш

14.04.2022 Выкл. Автор editor
«Көркем сөздің сұңқары» атты әдеби кеш

2022 жылдың 14 сәуір күні Бірлік ауылдық кітапханасы оқырмандар арасында Сафуан Шаймерденовтың туылғанына 100 жыл толуына орай «Көркем сөздің сұңқары» атты әдеби кеш өткізді.

Мақсаты: Жазушының өмірі мен шығармашылығын насихаттап, оқырман қауымның көркем әдебиетке, кітапқа деген қызығушылықтарын оятып, кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу.

Кітапханашы К.Сұлтанбаева жазушының өмірі мен шығармашылығына слайд арқылы шолу жасады. Тұрсынхан Абдрахманованың «Сафуанға» атты арнауымен шарамыздың көркін келтірген А.Есіркепова көпшіліктің көңілінен шыға білді. Кітапханамыздың тұрақты оқырманы зейнеткер-ұстаз, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әділханов Әметхан Сафуан Шаймерденовтың «Инеш» романының мазмұны , шығу тарихы туралы түсінік бере отырып, шығарма желісі бойынша өз пікірін білдірді. Роман өте тартымды, дәуір көрінісін, уақыт бедерін суреттейтін, жастана оқитын шығарма екенін атап өтті. «Бірлік» халық театрының режиссері Н. Қыпшақбаева жазушының «Дөкей келе жатыр», » Әнім сен едің» атты драмалары жайлы мағлұмат беріп, қысқаша мазмұнын айтып берді. Кеш соңында «Инеш», «Ағалардың алақаны» атты шығармалардан үзінділер оқылып, оқушылар өзара пікір алмасты.