«Спорт – ел еңсесі, мемлекет мерейі» атты кітап көрмесі
15.08.202215 тамыз күні Жаңақорған ауданы №1 Кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен «Спорт – ел еңсесі, мемлекет мерейі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқырмандардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, күн тәртібін дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру, спортпен айналысу, таза ауада серуендеу, еңбек етуге тәрбиелеу.
Көрмемен кітапханашы Ә.Сағатқызы таныстырып Е.Мұхиддиновтың «Қазақ күресі» және «Қазақ балуандары» атты кітаптарға ерекше тоқталып, спорт кешенінің дзюдо күресіне қатысушылары Абдімәжит Альфаруқ пен Әлішер оқырмандарымыз өз ойларын ортаға салды. Көрмеге Ғ.Сүлейменнің «Топжарған», С.Сыбанбай «Ала доптың аламаны», Т.Досмұхамбетов «Намыс сардары», Е.Алимханов «Спорттық күрестің теориясы мен әдістемесі», Ғ.Сүлеймен «Бақтияр», Қ.Әбілдинов «Ел намысы бір кеудеге сыйған ба?», Т.Теменұлы «Жайықта туған жампоздар», «Қазақ олимпиадашылары» атты кітаптар қойылды.