«Кітаппен дос бол» атты әдеби кеш

17.08.2022 Выкл. Автор editor
«Кітаппен дос бол» атты әдеби кеш

17 тамыз күні  Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 2022 жыл — Балалар жылына орай, орталық алаңда «Саябақтағы кітапхана» жобасы аясында «Кітаппен дос бол» атты әдеби кеш өткізілді.

Мақсаты: Балаларды кітапханаға тарту, кітапқа деген құрмет, сүйіспеншілдікті қалыптастырып, дамыту. Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітапты күтіп ұстауға үйрету.

Шара барысында кітапхананың тұрақты оқырмандары өлеңдер  оқып, «Қанатты кітаптар» аттытақырыпта кітап көрмесі ұсынылды. Сондай-ақ орталық алаңдағы демалып жүрген бүлдіршіндерге кітап туралы  мақал мәтелдер, жұмбақтар жасырып жауап берген балаларға тәтілер үлестірілді. Шара соңында оқушылар  ән  шырқап, соңы биге ұласты.