«Семей полигонының қасіреті» атты ақпараттық сағат

18.08.2022 Выкл. Автор editor
«Семей полигонының қасіреті» атты ақпараттық сағат

18 тамыз күні Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Семей полигонының қасіреті» атты ақпараттық сағат өтілді. Семей ядролық сынақ полигонындағы қатерлі қару зардабынан жазықсыз жапа шеккендер жайында, полигон сұмдығы жайында әңгімелеу, болашақ ұрпақты қасиетті ата-баба жерінің мұңын бөлісуге шақыру. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері туралы түсінік ала отырып пікір алмасып ойларын ортаға салу.

Бұл шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Іс-шара барысында Семей ядролық полигонының тарихы, алғашқы ядролық сынақтар, полигонның қазақ жеріне тигізген қасіреті, зардартары туралы оқырмандарға кең көлемде ақпарат берілді.  «Невада-Семей» қозғалысы мен О.Сүлейменовтың халық алдында  полигонды жабу керек  деген ұсынысы туралы бейнеролик көрсетілді.

Шарада ауыл әкімдігі жанынан құрылған қауымдастық төрағасы А.Әуелбековке сөз беріліп, полигонның жағдайы туралы баяндап, әңгіме өрбітті.