«Қайырымдылық жылы жүректен» атты қайырымдылық акциясы

19.08.2022 Выкл. Автор editor
«Қайырымдылық жылы жүректен» атты қайырымдылық акциясы

2022 жылдың тамыз айының 19 жұлдызында Жаңақорған аудандық кітапханасының Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі, мүмкіндігі шектеулі жандарға байланысты «Қайырымдылық жылы жүректен» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырды.

Мақсаты: Жас ұрпақтың бойында адамгершілік қасиеттер мен мейірімділікке, жанашырлыққа, көмекке келуге, қарт адамдарға көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Осы мақсатта кітапханашылар ауданымызда жалғыз басты қартымыз Жолдыбаева Айшагүл апамыз бен 2-топ мүгедек  Низамбаева Рая әпкемізге ат басын бұрып, үйлеріне барып, ауданнан шыққан ақын-жазушыларымыздың кітаптарымен және жаңа әдебиеттермен таныстырып қайтты. Кітап оқып ол кісілермен естелікке толы өткен өмірлерінен шер тарқасып, ішкі жан дүниелеріндегі сырмен бөлісті. Жалғыз басты қарт Айшагүл апамыздың өлең шығаратын қасиеті бар екен.