«Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» атты библиопост

23.08.2022 Выкл. Автор editor
«Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» атты библиопост

23 тамыз күні Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Діни экстремизм мен терроризмге қарсы «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» атты библиопост ұсынылды.

Шара мақсаты жастардың діни сауаттылықтарын арттыру, жат ағымдардан сақ болуға және отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Шарада дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаттары, экстремизм, терроризм туралы айтылды. Жат діни ағымдар адам санасын улайтыны және осы арбаудан арылу жолдары туралы тереңінен түсіндіріліп, терроризм мен экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан — жақты талдап, жастарды қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға шақырды.

Жалпы библиопоста дәстүрлі дін мен жалған діни ағымдар жөнінде келелі ой қозғалды. Интернет пен жоғары технологиялар ғасырында дінаралық келісімді нығайту, ата дінді қастерлеудің маңызы, ағымдардың алдын алу жайында кеңірек түсінік берілді.