«Гауһартас» — ескірмейтін туынды атты әдеби талдау
07.10.2022Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 7 қазан күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері жазушы, драматург Дулат Исабековтің «Гауһартас» кітабынан «Гауһартас» — ескірмейтін туынды атты әдеби талдау өткізілді. Шараға С.Қожанов атындағы N55 жалпы орта мектептің 9 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Көркем әдебиетке деген оқушылардың сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру, әдеби кейіпкерлер дүниесімен тереңірек танысу, оқушыларды ұлтжандылық рухқа, ізгілік пен ізденімпаздыққа үндеу, ой ұшқырлығына баулу.
Шара барысында Дулат Исабековтың өмірі мен шығармашылығы жайлы «Тағдыр жолы» атты бейнеролик көрсетіліп, шығарма желісі бойынша түсірілген «Гаухартас» фильмінен үзінділер көрсетілді. Сонымен бірге «Тың тақырып тарланы» атты қатысушылар назарына презентация ұсынылды.Іс-шарада Н.Көшербай кітаптың қысқаша мазмұнын айтып өтті. Ары қарай оқушыларымыз Ә. Меңлібай, З.Серікбайқызы, Р.Машрап, Т.Рүстемұлы, А.Сабырхандар шығарманың басты кейіпкерлері Ыбыш пен Салтанаттың қарым-қатынасы, отбасы мүшелерінің бейнесі, отбасына өзгеріс алып келген Салтанаттың бейнесі, Қайыркеннің Салтанатқа деген көзқарасы, Салтанаттың өліміне себеп болған оқиға жайлы өз пікірлерімен бөлісті. Осы шығарма негізінде алынып отырған «Әдеби талдауда» шараға қатысушылар шығарманың шығу тарихы жайлы ой-өрбітіп, кейіпкерлер бейнесі жайлы пікір алмасты.