«Шәкәрім оқулары» атты аудандық байқау

20.02.2023 Выкл. Автор editor
«Шәкәрім оқулары» атты аудандық байқау

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен 01 ақпан мен 15 наурыз аралығында «Шәкәрім оқулары» атты Республикалық Шәкәрім мұраларын жатқа айту байқауы өткізіледі.

Осыған орай, 20 ақпан күні  аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен ақын, жазушы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай Шәкәрім мұраларын жатқа айтудан «Шәкәрім оқулары» атты аудандық байқау өткізілді.

Мақсаты: Қазақ халқының ойшылы Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын насихаттау; Шәкәрім өлеңдерін жаттауды қолға алу; жасөспірімдерді ұлы баба мұрасын терең игеріп, танымдық мәнін меңгеруге талпындыру; кітапхана оқырмандары, жаңа буынның интелектуалдық пайым-парасатын арттырып, отансүйгіштігін қалыптастыруға ықпал ету.

Байқауға аудандағы 11 мектептен 16 оқушы қатысып, қатысушылар ІІІ кезең бойынша сайысқа түсті.  (І кезең: «Талап» іріктеу кезеңі, ІІ кезең: «Білім» сұрақ-жауап кезеңі, ІІІ кезең: «Таза ақыл» кезеңдері)  Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Қыраш ауылының №180 мектептін 7  сынып оқушысы Зайділла Шұғыла Нұрланқызы ие болып, Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткізілетін байқауға жолдама алса, ІІ орынды №125 мектептің 6 сынып оқушысы Тасболат Ақбота, ІІІ орынды №163 мектептің 5 сынып оқушысы Талғат Арафаттар иеленді.