“Туған жер — тұнған шежіре» атты тақырыптық кеш

22.02.2023 Выкл. Автор editor
“Туған жер — тұнған шежіре» атты тақырыптық кеш

Жаңақорған ауданы Құттықожа ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен “Туған жерге тағзым” жобасы аясында “Туған жер — тұнған шежіре» атты тақырыптық кеш өткізілді.

Мақсаты: Оқырмандардың бойында Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, елін, жерін, әдеп — ғұрпын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу. Ауылдың тарихы, ауылдан шыққан тұлғаларымыз жайлы таныстыру. Әр азаматтың туған жеріне құрметпен қарауға және қадірлеуге жақсы көруге үйрету

Шара барысында Құттықожа ауылының тарихы, көркем жерлері және ауылдан шыққан атақты адамдар жайында мәліметтер беріліп, кітапханашы «Туған жер – алтын бесігім» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Кітап көрмесіне жерлес ақын, жазушылармыздың және ауылдық құрметті азаматтарының кітаптары қойылды.

Шара соңында оқушылар туған жер туралы өлеңдер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер айтылып, әндер шырқалды.