«Ұлы даланың жеті қыры — тарих пен болашақтың алтын көпірі» тақырыбында эссе жазу

22.02.2023 Выкл. Автор editor
«Ұлы даланың жеті қыры — тарих пен болашақтың алтын көпірі» тақырыбында эссе жазу

Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен және «Ғасыр қызығушылар» клубының мүшелерінің қатысуымен ақпан айының 22-сі күні «Ұлы даланың жеті қыры — тарих пен болашақтың алтын көпірі» тақырыбында эссе жазу өткізілді.

Мақсаты: «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын оқушылар арасында талдау, ел тарихын өскелең ұрпаққа насихаттау. Мақалада атталған тарихымыз, мәдениетіміз туралы түснік беру. Отанының тарихын, мәдениетін мақтан етіп, патриоттық сезімін күшейту.

Эссе жазу барысында кітапханашы оқушыларға мақаланың бағдарламалық тармақтарына сәйкес, онда атқа міну мәдениетінің дамуы, ежелгі металлургия, шеберлердің бұйымдарындағы аң стилінің дамуы, Есік қорғанынан табылған көне ескерткіштер, Ұлы Жібек жолы туралы кеңінен түсіндіріп, мәлімет берді.