«Қаламгер — руханият шырақшысы » тақырыбында кездесу кеші
26.05.2023Өткен жылдан бастап жергілікті ақын жазушылардың туған жеріндегі оқырман кауыммен қауыштыру, олардың шығармашылығын насихаттау мақсатында, аймағымызда «Елге сәлем» жобасы жүзеге асып келеді.
Осы жоба аясында, А.Сопыбеков атындағы аудандық кітапханасының үйлестірумен 26 мамыр күні жерлестерімізді Ф.Сахиев, Б.Үсейінова, Н.Жапеков, Е.Мұстафаев сынды танымал ақындардың қатысуымен «Қаламгер — руханият шырақшысы » тақырыбында кездесу кеші болып өтті. Шараға облыстық кітапхананың кызметкерлері, «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторы Б.Үсейінова, ауданның ардагер ақсақалдары С.Ыдырысов, П.Айнақожаев және кітапхананың қызметкерлері мен колледж студенттері қатысты.
Кешті ақын Ф.Сахиев ашып, ақындардың өмірінен сыр шертетін бейнеролик көрсетілді. Колледж студенті Ф.Сахивтің «Менің Қазақстаным» атты өлеңін оқып, Е.Мұстафаевтің сөзіне жазылған «Анаға сәлем» атты әнін мәдениет үйінің әншісі Қ.Әлиева орындады. Сондай-ақ Б.Үсейнованың «Асыл анам» монологын оқыса, ауданның жас ақындары А.Бидашов пен М.Әбибулаев суырып салма ақындық өнерлерін паш етіп кешті қызықтыра түсті. Жыр сүйер қауым ақындарымызға көкейіндегі сұрақтарды қойып, жауабын алды. Ақындар сиясы кетпеген өлеңдерін оқып оқырмандарға тарту етті. Шара соңында А.Сопыбеков атындағы кітапхананың директоры А.Тилеубергеноваға және Қызылорда Облыстық Ә.Тәжібаев атындағы кітапхананың әдіскері Мадина апайға сөз берілді. «Өңір шежіресін өрнектеген қаламгерлер» атты кітап көрмесі жасақталып, кітапханашы М.Кадирбергенова библиографиялық шолу жасады.
Жобаның мақсаты: осы аудандық жергілікті жердегі ақын- жазушыларымызды өлкенің өзіміздің үлкен тұлғаларымызды дәріптеу, насихаттау жастарға үлгі ету.