«Жемқорлық қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында дөңгелек үстел
15.09.2023Түгіскен ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 15 қыркүйек күні «Парасат жолы» жобасы аясында «Жемқорлық қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Оқырмандардың адам құқықтары, жемқорлық жайлы түсініктерін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықпен күресуге шақыру, жемқорлықтың алдын алу.
Мәдени шараны кітапханашы А.Көшербаев жүргізіп, оқырмандарға «Сыбайлас жемқорлық — індет» тақырыбында жасалған кітап көрмесімен таныстырды. Шара барысында ауылдық әкімі аппаратының заңгері С.Нұрлаев «Сыбайлас жемқорлық және оның алдын алу» тақырыбында қысқаша баяндама жасады.Сыбайлас жемқорлық бұл ғаламдық мәселе, бірде бір саяси жүйе, бірде бір тәртіп қорғалған емес. Сондықтан бұл індетке бірлесе отырып қарсы тұруымыз қажет.Сыбайлас жемқорлық – індет, оған қарсы күрес міндет деп айтып жүрміз. Ендеше, оның шипасы халық арасында ағарту, насихат жұмыстарын тереңінен жүргізу. Байлықты басты құндылық деп адасып жүрген азаматтарымыздың түсінігіне төңкеріс жасау.Дөңгелек үстелге қатысушы П.Нұртай өз пікірін білдіріп, жемқорлықпен күрес басты міндетіміз деп атап өтті. Кітап көрмесіне Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі». Қазақстан Республикасының қылмыстық – процестік кодексі, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы, ҚР Қылмыстық кодексі, ҚР еңбек кодексі және де басқа да заңдар жазылған кітаптар қойылды.