«Әлемнің әміршісі — Ана» тақырыбында көп балалы батыр аналармен кездесу кеші
08.03.2024Түгіскен ауылдық кітапханасы мен клуб үйінің ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Әлемнің әміршісі — Ана» тақырыбында көп балалы батыр аналармен кездесу кеші өтті. Мақсаты: Әлемнің жарығын сыйлаған көп балалы аналарымызға құрмет көрсету.Жастарымызға ақ жаулықты аналарды қастерлеуге, қыз баласын сыйлауды, құрметтеуді, ана еңбегін қадірлеуді үйрету.
Шараны «Ана әлдиі» прологымен және өнер мектебінің оқушылары «Қазақ биімен» ашты. Ауыл әкімі С.Туғанбаев, ардагер ұстаз Е.Төреқожаев, ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы А.Наубаевалар көп балалы аналарды төл мерекелерімен құттықтап, ақ тілектерін білдірді. «Жалын» қызығушылар клубының мүшелері «Ана», «Анашым», «Жолыққан қандай жақсы», «Біз еркектер», «Гүл сыйлайық анаға» атты әндерін орындады.