«Ана жыры — көктем нұры» атты мерекелік кеш

08.03.2024 Выкл. Автор editor
«Ана жыры — көктем нұры» атты мерекелік кеш

А.Сопыбеков атындағы аудандық кітапхананың Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі мен №125 С.Сапарбеков атындағы орта мектептің оқушыларының ұйымдастыруымен 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана жыры — көктем нұры» атты мерекелік кеш болып өтті. Мақсаты: Оқырманға ұрпақ тәрбиесіне зор еңбек сіңіріп жүрген азаматшаларға құрмет көрсету, еңбектерін елеп – ескеру, мадақтау. оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Шара барысында аудандық кітапхана директоры А.Тилеубергенова мерекелік жиынды ашып, «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторы Б.Үсейінова және кітапхананың тұрақты оқырмандары зейнеткер З.Адасқанова, М.Үсенбаевалар барша аналарға ыстық лебіздерін білдірсе, оқушылар «Байғұс бала» прологын, «Анашым», «Ана», «Түрікмен «атты әндері мен күйлері және «Кәусар» балабақшасының бүлдіршіні Р.Ержанқызы «Қазағым» әнін орындады. Сондай-ақ аудандық мәдениет бөлімінің әншісі М.Дәрібаев «Ананың өсиеті» толғауын, №125 С.Сапарбеков атындағы орта мектептің ұстазы Д.Қожахметқызы «Ананың ақжаулығы» атты әнін орындады. Шара соңында аналарға сый-сияпат жасалып, оқушылар алғыс хатпен марапатталды.