«Әдепті келін — әдемі» келіндер сайысы

08.03.2024 Выкл. Автор editor
«Әдепті келін — әдемі» келіндер сайысы

Қандөз ауылдық округі әкімі аппаратымен және ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай «Әдепті келін — әдемі» атты келіндер сайысы болып өтті. Сайыстың мақсаты ұлттық мұрамызды ұлықтап, бүгінгі жас келіндер арасына ежелден ұмыт болған ата-дәстүр салтымызды қайта жаңғыртып, қазақ келінінің бойынан табылуы керек игі қасиеттерді қайта жандандыру, өнер әлеміне жетелеу, ежелден қазақ келіндеріне тән әдемілік пен ізеттілік, инабаттылық сияқты асыл қасиеттерді насихаттау, ақылды да, үлгілі келіндерді елге таныстыру. Бұл асыл қасиеттерді жас ұрпақтың бойына сіңіру.

Сайысқа отбасының көркін келтіріп, жан-жақтылығымен танылып жүрген келіндер қатысып, бақ сынады. Әр үйдің өнерлі келіндері өздерінің шыққан тегі мен түскен шаңырағынан мағлұмат беріп таныстырған болса, өнер сайысында өздерінің өнерлерін ортаға салды. Қазақы дастарқанын жайнатып, салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға асқан шеберлікпен мүдірмей жауап берді.

Сайыс барысында барлығынан өзінің өнерімен оза шапқан Нұрғали Сәния «Жыл келіні», Әбет Диана «Үздік келін», Балымбет Назгүл «Үлгілі келін» номинацияларымен марапатталды. Осындай берекелі шараны ұйымдастыруға мұрындық болған демеушілер мен барша ат салысушыларға алғыс айтылды.