Діни сауатсыздық-діни экстремизмнің бастауы

25.10.2018 Выкл. Автор admin
Діни сауатсыздық-діни экстремизмнің бастауы

25 қазан күні Бірлік ауылдық кітапханасында діни экстремизмнің алдын алу бойынша жасөспірімдердің діни сауаттылықтарын ашу, терроризм жайлы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру мақсатында «Діни сауатсыздық-діни экстремизмнің бастауы»-атты тақырыпта семинар-кеңес өткізілді. Шара барысында кітапханашы экстремизм мен терроризмнің таралу себептері, оған қарсы əрекет түрлері жөнінде ақпарат беріп, алдын алу шаралары кеңінен түсіндірілді. Шара барысында оқушылар сауалдарға жауап беріп, адамды көркем кемелдікке жетелейтін ар-ождан, имандылық жайында пікір алмасты. Тақырыпқа сай слайд-презентация көрсетілді. «Ислам лаңкестікке қарсы» атты кітап көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылды.