«Махаббат мұңы» шығармасына оқырман конференциясы

25.10.2018 Выкл. Автор admin
«Махаббат мұңы» шығармасына оқырман конференциясы

 

2018 жылдың 25 қазан   күні №2 Кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен №169 орта мектепте сол мектептің 10 сынып оқушыларының қатысуымен Қазақстан халық жазушысы, драматург Т.Ахтановтың 95 жылдығына «Махаббат мұңы» шығармасына оқырман конференциясы болып өтті.

  Мақсаты: Қазақтың көрнекті жазушысы Тахауи Ахтановтың өмірі мен шығармашылық қызметін оқырмандар арасында кеңінен насихаттау, шығармаларын оқыту, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

ХХ ғасырдың 60-шы жылдары жарияланған «Махаббат мұңы» әңгімесінде Тахауи Ахтанов адамның өмірінде түрлі құбылыстарды — қайғы мен қуанышты көрсетеді.   Т.Ахтановтың әңгімесінде Махаббат махабаты өзімшілдік адамның адамгершілік қасиеттерін қалай танытатынын сипаттайды. Шара барысында кітапханашы Ғ.Машрапова жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы туралы айтып өтті. Оқушылар кітаптан Нияз бен Ләззәттың басынан өткен хикаяларын көркем тілмен жеткізді. Конференция оқушылар үшін тартымды да қызықты өтті.