Сыр сұлуы –Қызылорда
04.10.2018
Қожакент ауылдық кітапханасының оқу залында алты алаштың анасы болған Сыр елінің бас қаласы Қызылорданың 200 жылдығына «Сыр сұлуы –Қызылорда» атты әдеби сазды кеш өтті .
Шара барысында клуб қызметкерлері Т.Тұрсынбаев пен Ф.Бакиров «Сыр елім» атты әнімен ашып, оқушылар Қызылорда қаласына арналған өлеңдер оқыды. Мақсаты: Оқырмандарға сүйікті қаламыз – Қызылорда туралы мәлімет беру. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу. Шараға 36 адам қатысты.