«Қазақстан-балалар көзімен»

06.09.2018 0 Автор admin
«Қазақстан-балалар көзімен»

2018 жылдың  29 тамыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Қазақстан-балалар көзімен»  атты сурет көрмесін    ұйымдастырды. Балалар өз жұмыстары арқылы туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін,  патриоттық сезімін  білдірді.

Жас суретшілер  өркендеген  Қазақстан, Елордамыз-Астана,  еліміздің табиғаты, ұлттық киімдері мен ою-өрнектері, сонымен бірге халқымыздың музыкалық аспаптары бейнеленген суреттерін  көрмеге ұсынды.  Сурет көрмесіне кітапхана оқырмандары, мектеп оқушылары және балабақша тәрбиеленушілері қатысып, барлығы 65 сурет  көпшілік назарына ұсынылды.