Елімнің бақытын тербеткен
13.12.20182018 жылдың 13 желтоқсан күні Жаңақорған аудандық балалар кітапханасы мен №110 мектеп-лицейдің бірлесуімен 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне орай оқушылар арасында «Елімнің бақытын тербеткен» атты тарихи танымдық сағаты өткізілді.
Мақсаты: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.