Ұлы даланың жеті қыры — бағаналы бағыт» атты дөңгелек үстел

13.12.2018 Выкл. Автор admin
Ұлы даланың жеті қыры — бағаналы бағыт» атты дөңгелек үстел

13 желтоқсан күні Жаңақорған аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын насихаттау мақсатында «Ұлы даланың жеті қыры — бағаналы бағыт» атты дөңгелек үстел болып өтті. Шараға «Жаңақорған тынысы» газетінің редакторы Нұрлат Байкенже, «Арман асуы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Көшербаев, аудандық тарихи өлкетану музейінің әдіскері Қ. Дәрмен қатысты.  Колледж студенттері және мектеп оқушыларымен қатар тарих пәнінің мұғалімдері С.Абдуллаев, А.Бекбергенов, С.Әшірбаев,Ә.Ержановтар қатысып, презентация арқылы Сығанақ қалашығы жайлы өз жұмыстарымен таныстырып, алдағы уақытта да ізденіс жұмыстарын жалғастыратынын айтты.