Тәуелсіздік шапағаты

13.12.2018 Выкл. Автор admin
Тәуелсіздік шапағаты

Тәуелсіздік күніне орай 2018 жылдың 13 желтоқсан күні аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен  М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде «Тәуелсіздік шапағаты» атты кітап көрмесін ұйымдастырылды.        Көрме  «Желтоқсан — тәуелсіздік шежіресі»,  «Қазақстан тәуелсіздік жолында»,  «Қазақстан жасампаз жетістіктер жолында», «Тәуелсіз Қазақстан» атты бөлімдерден құралған. Көрмеге   1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғасына түрткі болған себептер мен демократия жолында құрбан боған ұл-қыздрдың ерліктері жайында деректер мен «Азаттық аңсағандар» шығармалар жинағы, К.Табейдің «Қайсар рухты қазақ», «Тәуелсіздік тұғыры», «Әділеттің ақ жолы»,  «Қасиеттім –Желтоқсан», «Желтоқсан көтерілісі» екі томдық жинағы, М.Қозыбаевтың «Киелі Тәуелсіздік»  және тағы басқа құнды басылымдар оқырманға ұсынылды.