«Тәуелсіздік алып келген желтоқсан» атты тақырыптық кеш

14.12.2018 Выкл. Автор admin
 «Тәуелсіздік алып келген желтоқсан» атты тақырыптық кеш

14-желтоқсанда Қожакент ауылдық кітапхана мен клуб үйінің ұйымдастыруымен                         «Тәуелсіздік алып келген желтоқсан» атты тақырыптық кеш ұйымдастырылды. Шара барысында ауыл әкімі А.Айтжанов  жиылған қауымды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, үздік қызметкерлерді «Алғыс хатпен» марапаттады. Клуб қызметкерлері мен И.Әбдікәрімов атындағы №168 орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары және кітапханадағы  «Көкжиек» поэзия клубының мүшелерінің қатысуымен  концерттік бағдарлама ұсынылды.   Мақсаты:  Жастарға  еліміздің тәуелсіздік алғалы 27 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімізбен таныстыру,  отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру,  бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел азаматы етіп тәрбиелеу. Шараға 48 адам қатысты.