«Тәуелсіздік азаттығым, бақ күнім!» атты тақырыптық кеш

14.12.2018 Выкл. Автор admin
«Тәуелсіздік азаттығым, бақ күнім!» атты тақырыптық кеш

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай Түгіскен ауылдық клубында 2018 жылдың 14 желтоқсан күні  «Тәуелсіздік азаттығым, бақ күнім!» атты тақырыптық кеш өтті. Мақсаты Тәуелсіздік мерекесін ұлықтау, еліміздің тарихы туралы мағлұмат беру, жастарды Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғауға үйрету. Шара барысында кітапханашы «Тәуелсіздік – тірегім, Қазақстан – ұлы елім» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқушылар «Қазақ биімен» ашты.

Ауыл әкімінің уақытша міндетін атқарушы Қ.Көшербаев пен ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы А.Наубаевалар құттықтау сөз сөйлеп, көпшілікті мерекемен құттықтап, үздік қызметкерлерді алғыс хатпен марапаттады. Оқушылар  «Әйелдің бақыты отбасы», «Желтоқсан желі», «Нұраға» атты әндерін хормен орындады.  Шараға 47 адам қатысты.