«Қазақ Елі –Мәңгілік Ел» кітап көрмесі
22.01.2019
2019 жылдың 22 қаңтар күні Манап ауылдық кітапханасында «Қазақ Елі –Мәңгілік Ел» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқырмандарға «Мәңгілік Ел» идеясының маңызын түсіндіру, отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Шара барысында кітапханашы кітап көрмесімен таныстырып, оқушылар тақырыпқа байланысты өз-ой пікірлерін білдірді.