«Қазақтың бұлбұл үнді сыршыл ақыны» атты поэзия сағаты
30.04.2019
Қожакент ауылдық кітапханасының оқу залында 30 сәуір күні ақын болып дүниеге келіп, ақын болып өткен қазақтың дарынды ұлдарының бірі — Сағи Жиенбаевтың 85 жылдығына арналған «Қазақтың бұлбұл үнді сыршыл ақыны» атты поэзия сағаты өтті. Мақсаты: Жазушының өмірімен, шығармашылығымен таныстыру. Оқушының тіл мәдениетін қалыптастыру, жеке тұлғаны дамыту, ақын тіліне деген көзқарасын білу, туған жерді және табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.