«Естен кетпес ерліктер» атты тарихи кеш

02.05.2019 Выкл. Автор admin
«Естен кетпес ерліктер» атты тарихи кеш

2 мамыр күні  Кейден ауылдық клуб үйінде № 208 орта мектептің оқушыларының  қатысуымен Жеңіс күніне арналған  «Естен кетпес ерліктер» атты тарихи кеш өткізілді.

Кештің мақсаты:  Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбек еткен аналардың тұлғасын, асыл бейнесін ашу, кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге ету.