«Қазақтың бұлбұл үнді сыршыл ақыны» атты поэзия сағаты

30.04.2019 Выкл. Автор admin
«Қазақтың бұлбұл үнді сыршыл ақыны» атты поэзия сағаты

Қожакент ауылдық кітапханасының оқу залында  30 сәуір  күні ақын болып дүниеге келіп, ақын болып өткен қазақтың дарынды ұлдарының бірі — Сағи Жиенбаевтың 85 жылдығына арналған «Қазақтың бұлбұл үнді сыршыл ақыны» атты поэзия сағаты өтті. Мақсаты: Жазушының өмірімен, шығармашылығымен таныстыру.  Оқушының тіл мәдениетін қалыптастыру, жеке тұлғаны дамыту, ақын тіліне деген көзқарасын білу, туған жерді және табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.