Еңсесі биік Ұлы Жеңіс
08.05.2019
Ұлы Жеңістің 74 жылдығына 8 мамыр күні Қожакент ауылдық кітапханасы мен клуб үйінің ұйымдастыруымен “Еңсесі биік Ұлы Жеңіс” атты әдеби мантаж өтті.
Шара барысында сахналық қойылым қойылып , əндер айтылып, өлеңдер оқылды, билер биленді.
Мақсаты : Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой – өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.