«Жеңіс күні жасасын!» атты кездесу кеші

08.05.2019 Выкл. Автор admin
«Жеңіс күні жасасын!» атты кездесу кеші

8 мамыр күні Қандөз ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен №204 Ғ.Мұратбаев атындағы мектепте Ұлы Жеңіс күніне орай «Жеңіс күні жасасын!» атты кездесу кеші өтті.

Шараға мектеп оқушылары мен мұғалімдері және тыл ардагерлері қатысты.

Кездесу барысында Ұлы Отан со­ғысы туралы деректі фильмнен үзінділер көрсетіліп, слайдтар арқылы соғыс сәттері туралы суреттер ұсынылды. Кештің құрметті қонақтары, тыл ардагерлері Ә.Бекжігітов және Т.Исабекова сөз алып, өмірлерінің өткен жылдарымен кеңінен таныстырды.