Ұрпақтар ұмытпайтын – Ұлы жеңіс

08.05.2019 Выкл. Автор admin
Ұрпақтар ұмытпайтын – Ұлы жеңіс

Сүттіқұдық ауылдық кітапханасында 9 мамыр Ұлы жеңіс мерекесіне орай «Ұрпақтар ұмытпайтын – Ұлы жеңіс» атты тақырыптық сағат  өткізіліп, ерлік пен батырлыққа тағзым етілді.

Шара барысында оқушылар Ж.Жабаевтың «Ленинградтық өренім»,Қ.Қалтаевтың «Ленинград жерінде», Қ.Бекхожиннің «Жеңістің үндері бар жырларымда», Ә.Нұралиевтың «Тәукел деп аттандық» өлеңдерін жатқа оқылып, патриоттық әндер шырқалды. Кітап көрмесі ұйымдастырылып шолу жасалды. Көрмеде аты аңызға айналған Әлия мен Мәншүк, Кеңес одағының батыры Т.Бегельдинов, партизан жазушы Қ.Қайсенов .М.Ғабдуллин және Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев т.б батырлардың ерліктері жайлы жан жақты насихатталды.