«Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты әңгіме сағаты

28.05.2019 Выкл. Автор admin
«Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты әңгіме сағаты

 

2019 жылдың 28 мамыр күні Қандөз ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Саяси қуғын–сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты әңгіме сағаты өтті.

Шараның мақсаты: Оқырмандарға ел басына туған нәубеттің зардаптары, жазықсыз жапа шеккендердің тағдыры жайында мәлімет беру. Азаттық үшін күрескен қайраткерлердің ерлігін жастарға үлгі етіп, елжандылық, патриоттық рухта тәрбиелеу.

Шараны жүргізуші кітапханашы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған алаш азаматтары жөнінде кеңінен әңгімелеп берді. Оқушылар ақын М.Дулатовтың «Қайда едің» өлеңін мәнерлеп оқып, жастар Алаш зиялылары туралы үзінділер және өздерінің жүрек жарды өлеңдерін оқыды. Жиналған оқырмандар «Қазақ қасіреті» жайлы әңгіме қозғады.