«Үш бәйтерек — үш ғұмыр» атты танымдық сағат

28.05.2019 Выкл. Автор admin
«Үш бәйтерек — үш ғұмыр» атты танымдық сағат

31 мамыр  Саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне орай қазақ халқының «Үш бәйтерегі» атанған Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай 28 мамыр күні Бірлік ауылдық кітапханасында «Үш бәйтерек — үш ғұмыр» атты танымдық сағат өткізілді. Шараның басты мақсаты: Әділетсіздікті жырлаған, болашағымыздың бостандығы үшін күресіп, арттарында өшпестей із қалдырған арыстарымыздың мол мұрасын ұрпаққа насихаттау, олардың өмірі мен шығармашылық жолын үлгі ете отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.