«Отбасы — шағын мемлекет» атты өнеге сағаты
13.05.20192019 жылдың 13 мамыры күні Бесарық ауылдық кітапханасында «Отбасы — шағын мемлекет» атты өнеге сағаты өткізілді. Мақсаты: Отбасы құндылықтары мен отбасылық тәрбиенің маңызын түсіндіріп, ұлттық ділі мен тілін, ұлттық тәрбиені бойына сіңірген отаншылдық рухы жоғары азаматты тәрбиелеу.
Шара барысында кітапханашы отбасы құндылықтары жайлы айтып, қатысушылар өз ой пікірлерін ортаға салды. Оқушылар нақыл сөздер оқып, отан, туған жер жайында әндер айтып, көрністер көрсетті. Шара соңында белсене қатысқан оқырмандар алғыс хатпен марапатталды.