«Домбыра – халық мұрасы» кітап көрмесі

05.07.2019 Выкл. Автор admin
«Домбыра – халық мұрасы»  кітап көрмесі

2019 жылдың  5 шілде күні  Жаңақорған аудандық балалар Ұлттық домбыра күніне орай  «Домбыра – халық мұрасы»  атты кітап көрмесі жасалып, көпшілік оқырмандарға ұсынылды.

Мақсаты: Балалардың ой ұшқырлығын шыңдап, ата бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызғушылық сезімін оятып және өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыру.

Шара барысында аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Ж.Тайымбетова кітап көрмесімен таныстырып, домбыраның шығу тарихына түсініктеме бере кетті. Оқушылар домбыра жайлы өз ойларын ортаға салды.