«Еңселі Елорда – елдіктің тірегі» кең көлемді кітап көрмесі

05.07.2019 Выкл. Автор admin
«Еңселі Елорда – елдіктің тірегі» кең көлемді кітап көрмесі

5 шілде  күні  Елорда мерекесіне орай аудандық кітапхана Ордакент ардагерлер, жастар ресурстық орталығында «Еңселі Елорда – елдіктің тірегі» атты кең көлемді кітап көрмесі ұсынылды.

Көрменің мақсаты – бүкіл әлемге танылған Қазақстанның жауһары атанған Елорданың өткені мен болашағы және еліміздің дамуына қол жеткізген елбасының ерен еңбегі туралы әдебиеттер мен басылымдардың мол қорын дәріптеу арқылы,  өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін ояту, оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Тақырыпқа сай безендірілген көрмеде Елорданың өткені мен бүгінінен сыр шертетін туындылар, Нұр-Сұлтанның қазіргі келбетін баяндайтын кітаптар, фотосуреттер қойылып шолу жасалынды.  Кітапхана қорынан алынған Елбасының  астананы Ақмолаға көшіру туралы бастамасы жайлы баяндайтын «Н.Ә.Назарбаев – тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы», «Астана», «Астана – күн шуағы қаласы», «Астана энциклопедиясы», «Астана – Қазақстанның астанасы», «Астана  жан жүрегім», «Еуразия жүрегінде», сонымен қатар жаңа елорданың тарихи-саяси, мәдени және туристік төлқұжаты түрінде әзірленген «Қазақстан» атты үш тілдегі көркемсуретті кітап-альбомдарға оқырмандар үлкен қызығушылық танытты. Көрмені мерзімді басылымдар, Елорданың көрікті жерлері бейнеленген ашық карталар толықтырды.