«Ата салтым — ата мұрам» тарихи кеш

10.07.2019 Выкл. Автор admin
«Ата салтым — ата мұрам» тарихи кеш

2019 жылдың  10 шілде күні  Жаңақорған аудандық балалар кітапханасы мен Құттықожа ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен, «Тау самалы» тынығу лагерінде салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты насихаттау барысында «Ата салтым — ата мұрам» атты тарихи кеш өткізді.

Мақсаты: Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрімен сабақтастығын түсіндіру. Балалардың  имандылық, инабаттылық, ізеттілі қасиеттерін қалыптастыру.

Шара барысында аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Ж.Төлешова  тарихи кешті ашып, балаларға салт-дәстүр туралы айтып, кітап көрмесімен таныстырып өтті. Оқушылар беташар, тұсау кесер дәстүрлерінен көрініс көрсетіп, әдет-ғұрыптар жайлы сұрақтарға жауап берді.